Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді.
Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар мұнай-химия зауытында болып, кәсіпорынның қызметімен, жоспарлы жөндеуден кейін зауытты іске қосуға дайындық барысымен, сондай-ақ кәсіпорын мен сервистік (аутсорсингтік) компаниялар қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысты.
Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлік көші-қон саясатының негізгі бағыттарымен танысты.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов корпустық және металл жиһаз жасап шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорында Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері дуалды оқыту аясында еңбек етеді.
Сейсенбі, 26 шілдеде, Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Honeywell компаниясының басшылығымен – өсу қарқыны жоғары жаһандық өңірлер бойынша президент Бен Дриггспен және Түркия, Израиль және Орталық Азиядағы қарқынды өсу өңірлері бойынша президент Уйгар Доюранмен кездесу өткізді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде көп балалы аналармен кездесіп, «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығының қызметімен танысты.