Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2022 жылы мәдениет саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы жылға арналған міндеттер талқыланды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда органикалық өнімдерді дамыту жағдайымен танысты.
Жұма, 20 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесті.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов түріктің Alarko Holding компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесті. Кездесуде энергетика, теміржол және автожол құрылысы, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу және т. б. салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ауыл халқының табысын арттыру, жастарды жұмыспен қамту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен танысты.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен түріктің «Гап Иншаат» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.