ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджрафпен кездесу өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде жеке бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
2022 жылдың күзінде Қазақстанда Ресейдің «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті (Алматы қаласында) мен И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (Атырау қаласында) филиалдары ашылмақ. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра сыртқы істер министрі Мария Убахпен кездесу өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау салаларын автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды. Жоба бағыттары бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.
Үкімет үйінде Үкіметтің кезекті отырысы өтіп, онда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. Осы тақырыпта Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.