Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Аппарат туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Аппараттың миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Аппараттың негізгi мiндеттерi мыналар:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Аппарат Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау;
Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Аппарат Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.
Әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл
Асқар Серікжанұлы Жәкенов
Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл ‒ Үкімет Аппараты басшысы орынбасарының м.а.
Байланыс ақпараты:
Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет.
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі