Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді

 

Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы 1968 жылы 30 маусымда Шымкент облысының Ақсу ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін тәмамдаған.

Университетті бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.

1993–1996 жж. — атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;

1996–1999 жж — Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;

1999–2000 жылдары — Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;

2000–2001 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;

2001–2003 жж — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;

2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін  Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;

2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;

2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін — Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; 

2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.

2016-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2019-2021 жылдары – ҚР сыртқы істер министрі.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды.

 

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

● сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін ілгерілету;

● сырттан инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту;

● шетелдермен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарды кеңейту;

● көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

● шет мемлекеттермен үкіметаралық комиссиялардың қызметі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу