Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №936 Қаулысы

«Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы №254 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы №100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

        1) «Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 254 қаулысы;

      2) «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

        2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу