Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған — ҚР АҚДМ
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді.